Шымкентте бір адамды жүк пойызы қағып кетті
Шымкентте жүк пойызы адамды қағып кетті. Оқиға кеше таңғы 9-дар шамасында Қорғасын станциясы аумағында болған.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм болған азамат шойын жол жағасында тұрып, пойыз келгенде астына өзі түскен. Жергілікті теміржолшылар да осындай болжам жасап отыр.
Бейсенбай Рысымбетов, теміржол бригадирі:
Мен байқамадым. Бірақ, машинист оның жолдың үстіне жата қалғанын айтады.
Қазір бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті. Машинистің кінәсі бар-жоғы анықталатын болады.
Ал, қайтыс болған адамның тұлғасын білу үшін туыстары іздестірілуде. Әзірге ешқандай адам туысын іздеп, полицияға келмеген.
Айта кетейік, бұл соңғы бір айдың ішінде қала аумағында болған екінші қайғылы жағдай. Осыдан бірнеше күн бұрын шойын жол бойында жұмысшыны жүк пойызы қағып, қайтыс болған еді.
Айнұр АҚБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21
Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде
09.06.2026, 13:18
Жапондар пайдаланылған өсімдік майын авиаотынға айналдырмақшы
09.06.2026, 13:15
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 13:12
4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
09.06.2026, 13:09
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының басты кепілі
09.06.2026, 13:06
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 13:03