Алматыда жалған ақша жасаған Камерун азаматтары ұсталды
Алматыда жалған ақша жасап деп халықты алдаған Камерун азаматтары ұсталды. Бұл туралы қалалық қаржы полициясының қызметкерлері мәлімдеді. Тексеру бригадасы 100 долларлық қағаз ақша басамыз, деп қала тұрғындарын алдап жүрген Камерун азаматтарын ұстады.
Қаржы полициясының қызметкерлері алаяқтардың қылмыстық іске тиянақты дайындалғанын айтады. Олар сұйық ерітіндіні пайдалана отырып, ақ парақты шын ақшамен беттестіріп, сол арқылы жалған ақшаны шығарып отырған.
Қызметі үшін 300 мың АҚШ долларын сұраған. Сол 54 миллион теңгені жымқырмақ болған кезде қолға түсті. Қазір тергеу изоляторында.
Жақсылық Жақыбаев, Алматы қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Қазіргі таңда аталған азаматтарға байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің алаяқтыққа ниеттену бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан аумағында осы жоғарыда аталған адамдардан жапа шекендер болған жағдайда тікелей қаржы полициясына немесе 144 сенім телефоны арқылы хабарласып арыз шағымдарын жолдауына болады.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49