Атырауда полицейдің мәйіті табылды (толығырақ)
Атырауда жемқорлыққа қатысты айыпталып, ұсталған Исатай аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Құбайдуллиннің өлі денесі табылды.
32 жастағы полиция майорының денесін Атыраудағы салынып жатқан құрылыстардың бірінде асылып тұрған жерінен тапқан.
Оны өткен аптада ғана браконьерлерден қара уылдырық пен 250 мың теңге пара алып жатқан жерінен Қаржы полициясының қызметкерлері ұстаған болатын.
Кейінірек тергеу кезінде Құбайдуллиннің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатқызылған. Тиісті ем-дом алған соң ол ауруханадан қашып кетті, деген хабар тараған еді.
Құзырлы орган өкілдерінің алдын ала жорамалы бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Қазір, бұл оқиғаға байланысты адамды өзiн-өзі өлтіруге жеткiзу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі прокурорлар тергеп жатыр.
Гүлнәзира Мұхтарова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Табылған мүрде бойынша қазір кезде тексеру іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 102-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21
Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде
09.06.2026, 13:18
Жапондар пайдаланылған өсімдік майын авиаотынға айналдырмақшы
09.06.2026, 13:15
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 13:12
4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
09.06.2026, 13:09
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының басты кепілі
09.06.2026, 13:06
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 13:03