«Ан-72» ұшағының апатына байланысты сот аяқталды (толығырақ)
Шымкент маңына құлаған «Ан-72» ұшағының ісі бойынша 4-ші наурызда басталған сот процесі бүгін аяқталды. Сот 30 жастағы авиадиспетчер Қанат Ақылбековті кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Сотталушыға кейін тағы үш жылға дейін авиадиспетчер қызметін атқаруға тиым салынды. Жазаланушының қорғаушылары сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіндерін айтып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы 25 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Астана-Шымкент» рейсімен ұшып келе жатқан ұшағы Шымкент әуежайына 20 шақырым қалғанда апатқа ұшырады.
Ұшақ бортындағы 27 адам түгелдей қаза тапқан еді. Оның ішінде шекара қызметінің жоғары шенді офицерлері мен әскерилер және 7 экипаж мүшесі болған.
Сайдыбаттал Тоқбергенов, Абай аудандық сотының судьясы:
Диспетчер 2150 метр биіктікте ұстамауы қажет еді. Қону схемасын бұзған, авариялық сигналға мән бермеген.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19