Рудный қаласында жоғалған 7 жастағы қыз әлі іздестірілуде
Қостанай облысының Рудный қаласында жоғалған қыз баланы іздеу жұмыстары жалғасуда. 7 жастағы Виктория Ганя 24 сәуір күні ойын алаңына кеткеннен үйіне қайтып оралмаған.
Қасында болған құрбыларының айтуынша, балдырғанды еуропа нәсілді ер адам ертіп кетіпті. Ол ойын баласын «Ірі шаяндар жүретін жерді көрсетемін», деп еліктірген. Қазір Викторияны іздеуге полиция қызметкерлерінің сыртында 3 мыңнан аса еріктілер жұмылған.
Бүгін «Рудный-Лисаков» тасжолының бойынан жоғалған қыздың орамалы табылды, деген ақпарат шықты. Бірақ, бұл мәліметті полиция ресми түрде растамады.
«Тергеуге кесір келтірмеу үшін осы іске қатысты қандай да деректер құпия сақталады», дейді құқық қорғаушылар.
Әділбек Нұрмахин, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
Викторияның құрбыларының айтуынша, күдіктінің фотороботы жасалды. Аталмыш фоторобот Рудный қаласына таратылды және әлеуметтік желілерге орналастырылады. Полицияның ақпараты бойынша, күдікті 30-35 жастағы орта бойлы еуропалық. Оқиғаға үстіне қара түсті былғары куртка, көк джинсы шалбар киген ер адамның қатысы болуы мүмкін.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14