Басты Жаңалықтар «KazSat-3» жерсерігі ұшырылды (ВИДЕО)

«KazSat-3» жерсерігі ұшырылды (ВИДЕО)

«KazSat-3» жерсерігі ұшырылды (ВИДЕО)
Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша сағат 10.25-те қазақстандық «KazSat-3» спутнигі тиелген ресейлік «Протон-М» зымырантасығышы ұшырылды.
 
«Протон-М» зымырантасығышы ғарышқа қазақстандық спутникпен қоса, ресейлік «Луч-5В» спутнигін де алып ұшқан.
 
Жоспар бойынша «KazSat-3»  енді бірнеше сағаттан соң зымырантасығыштан ажырап, орбитаға шығуы тиіс.
 
Нұрбек БЕКБАУ
Бөлісу