Исатай аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Құбайдуллиннің өлі денесі табылды
Атырауда жемқорлыққа қатысты айыпталып, ұсталған Исатай аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы Алтынбек Құбайдуллиннің өлі денесі табылды. 32 жастағы полиция майорының денесін Атыраудағы салынып жатқан құрылыстардың бірінде асылып тұрған жерінен тапқан.
Оны өткен аптада ғана браконьерлерден қара уылдырық пен 250 мың теңге пара алып жатқан жерінен Қаржы полициясының қызметкерлері ұстаған болатын. Кейінірек тергеу кезінде Құбайдуллиннің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатқызылған. Тиісті ем-дом алған соң ол ауруханадан қашып кетті, деген хабар тараған еді.
Полиция қызметкерінің аяқ астынан қаза табуын адамдар сан-саққа жүгіртіп отыр. Оны атып өлтіріп, кейін асып тастаған деген де ақпар тарады.
Бірақ, тиісті органдар «Сот-медициналық сараптама нәтижесі шықпайынша, еш ақпар бермейміз», деп отыр. Алтынбек Құбайдуллиннің соңында әйелі мен үш баласы қалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49