Қатты желден елордадағы ғимараттар шатырсыз қалды
Бүгін таңертеңнен Астанада епкінді жел соғып, қар аралас жаңбыр жауды. Қалада желдің күштілігі секундына 30 метрге дейін жетті.
Қатты жел елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің екі ғимараты мен бір орта мектептің шатырын ұшырып әкеткен.
Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 25-28 метрге дейін жеткен. Нәтижесінде 1 мектептің шатыры ұшып, 2 адам жарақат алды.
Қарағанды облысында дүлей дауыл 3 мекеменің шатырын жұлып кетсе, Қостанай облысында қатты желден 14 қабатты үй газсыз қалған.
Синоптиктердің айтуынша, алдағы екі күнде еліміздің солтүстік облыстарында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21
Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде
09.06.2026, 13:18
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының кепілі
09.06.2026, 13:16
Жапондар пайдаланылған өсімдік майын авиаотынға айналдырмақшы
09.06.2026, 13:15
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 13:12
4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
09.06.2026, 13:09
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының басты кепілі
09.06.2026, 13:06