Сотқа жүгіну тәртібі жеңілдейді
Енді сотқа арыз жазу немесе жазылған арызға қарсылық білдіру электронды түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Сот отырысына шақырту да СМС-хабарлама түрінде жіберілмек.
Жаңадан әзірленген Азаматтық іс жүргізу Кодексінің жобасында осы мәселеге басымдық берілген. Мұның бәрі қарапайым халықтың сотқа жүгіну тәртібін оңтайландыруды көздейді.
Сондай-ақ, азаматтық істерді сотқа жеткізбей-ақ, бітімгершілік жолмен шешу мәселесі де күнтәртібінде тұр. Өйткені республикалық соттарда жыл сайын 700 мыңдай азаматтық іс қаралады екен. Оның 70 мыңы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі заңсыздықтарға байланысты. Өзара бітімгершілікпен шешуге болатын бұл істер сот қызметінің жүктемесін тым арттырып жібереді.
Нұржан Қайыпжан, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:
Азаматтар өздерінің құқықтары мен міндеттері бұзылды деп санайтын болса, бірден сотқа жүгіну көрсетілген. Ал, жаңа жоба бойынша алдымен бітімгершілікке келу мәселесін шешіп алуы керек.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Д.Құдайберген өзі туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады
09.06.2026, 10:33
Алуа Нұрман Токиодағы халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді
09.06.2026, 10:32
Astana 2026 World Boccia Cup турнирі мәресіне жетті
09.06.2026, 10:31
Алматыда «Creative intensives» пилоттық жобасы басталды
09.06.2026, 10:30
Автокөлік бағасы арзандады
09.06.2026, 10:28
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 5,8 трлн теңге шешіп алған
09.06.2026, 10:27
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 10:18
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17