Нұрлан Тахамбетов қамауға алынды
Орал қаласында ат спорты мектебінің бұрынғы директоры Нұрлан Тахамбетовке қатысты сот үкімі шықты. Оған журналиске қастандық ұйымдастырды, деген айып тағылған болатын.
Естеріңізге салайық, 2012 жылдың сәуірінде «Орал апталығы» газетінің тілшісі Лұқпан Ахмедияровқа қастандық жасалды. Кейін қолға түскен қылмыскерлер 11 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған болатын.
Көп ұзамай қастандықтың тікелей ұйымдастырушысы ретінде Нұрлан Тахамбетов қамауға алынды.
8 айға созылған тергеу-тексеру амалдарынан кейін сот тағылған айып бойынша Тахамбетовті кінәлі деп тапты.
Райбек Қайырбеков, судья:
Тахамбетов Нұрлан Ыдырысұлы ҚР ҚК-нің 28-бабы 3-бөлімі, 24-бабы 3-бөлімі, сонымен қатар, 96-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, осы баппен мүлкі тәркілене отырып, 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Жазасын өтеу үшін қатаң режимдегі түзеу колониясы тағайындалсын.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Газ баллондарының қауіпсіздігі: Құтқарушылар ескерту жасады
20.03.2026, 20:50
Ұшақта толғағы қысқан әйелге дәрігер көмек көрсетті
20.03.2026, 20:48
Премьер-министр Аралдың айналасын көгалдандыруды күшейту керектігін тапсырды
20.03.2026, 20:46
Тарихи ескерткіш маңына ағаш отырғызылды
20.03.2026, 20:44
Жаңа Конституция: Қазақстан заманауи мемлекеттік-саяси үлгіге көшті
20.03.2026, 20:43
Сарапшы: Мәслихат пен жергілікті атқарушы билік жұмысы үйлестіріледі
20.03.2026, 20:42
«Миранда» қағидаты адам құқығын қорғаудың кепілі
20.03.2026, 20:41
Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері жоғары
20.03.2026, 20:38