91 жастағы соғыс ардегері үш шақырым жолды жаяу жүгіріп өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

91 жастағы соғыс ардегері үш шақырым жолды жаяу жүгіріп өтеді

24.04.2014
91 жастағы соғыс ардегері үш шақырым жолды жаяу жүгіріп өтеді
Ерденбай ақсақалды ауылдағы балалар «Супер ата» деп атайды. Өйткені 91 жастағы қария жаз шығысымен алыс қашықтыққа жүгіріп, өрендерге үлгі болып жүр.
 
Соғыс ардагері осы күнге дейін газет-журналдарды көзілдіріксіз оқып, инені де өзі сабақтайды. Жеңіс күні қарсаңында қарт майдангермен жүздесіп қайтқан тілшіміз сабақтайды.
 
Ерденбай ақсақалдың 91-ден асса да әлі күнге көзілдірік тақпауының себебі осы. Бұл аз десеңіз, күн жылынысымен 3 шақырым жолды жаяу жүгіріп өтеді.
 
Салауатты өмір салтын ұстануының арқасында әлі тың, өзін бақуатты сезінеді. Қарт майдангер соғыста артиллериялық полктың барлаушысы болған.
 
Ер басына күн туған қиын сәттерде бұғып қалмай ерлігімен көзге түсіпті. Алайда батырлық жасағанын айтып мақтанбайды, соғыстың беті аулақ, одан да тыныштық болсын деп тілейді.  
 
Ерденбай Жүсіпов, соғыс ардагері:
Жұлдызымыз жарқырай берсін. Аспанымыз ашық болсын. Жастар енді соғыс дегеннің не екенін білмей жүруіне жазсын. Келешегіміз - жастар, оларға амандық тілеймін.
 
Ауылыңда қарияң болса, жазып қойған хатпен тең. Ақжар ауданына қарасты Ленинград ауылындағы Иманмәлік Машрапов та соғыс ардагері.
 
Қатарлары тым сиреп қалған байырғы сарбаздар жиі жүздесіп тұрады. Қауқылдасып отырып, зұлматты жылдарды күрсіне еске алады.
 
Иманмәлік Машрапов, соғыс ардагері:
Қиын заманнан өттік, соғысты, бейнетті көрдік. Жақсылық болсын.
 
Бүгін қос майдангер үшін үлкен қуаныш. Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі Самат Ескендіров келіп құттықтап, сыйлығын тарту етті. Бұл ештеңеден мұқтаждық көрмесе де, бала көңіл қос қария үшін үлкен мерей.
 
Самат Ескендіров, облыс әкімі:
Бізде облыс бойынша 334 ардагер бар. Сол кісілердің әрқайсысының жағдайларын жасауға, проблемаларын шешуге тапсырма берілді. Соны жасаймыз.
 
Қазақстанда соғыс өрті шарпымаған отбасы кемде-кем. Сондықтан фашизмді жеңіп, ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге құрмет көрсетілуі заңдылық. Ал жеңіс сарбаздарының тілегі қашанда елдің тыныштығы.  
 
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу