Жемқорлықты әшкерелеуге көмектескен адамға сыйақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықты әшкерелеуге көмектескен адамға сыйақы беріледі

24.04.2014
Жемқорлықты әшкерелеуге көмектескен адамға сыйақы беріледі
Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетте қаржы полициясының қызметкерлері  жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу тақырыбында арнайы жиын өткізді.
 
Қазақстанда пара алғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Осы жылдың өзінде Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қатысы бар 37 адам істі болған.
 
Жалпы, жемқорлық экономиканың өсуіне кедергі келтіреді, әрі әлеуметтің арасында алауыздықтың туындауына әкеп соғады. Бұл жайлы жиын барысында студенттерге қаржы полициясының өкілдері мәлімдеді.
 
Сондай-ақ, жемқорлыққа тосқауыл қою мақсатында қаржы полициясына хабарласқан азаматқа сыйақы төленетіндігі де айтылды. Іс-шара соңында студенттер жемқорлыққа қарсы екендіктерін білдіру мақсатында флешмоб ұйымдастырды.
 
Динара Касенова, Ақмола облысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа күрес департаментіндегі Ақпараттық-сараптамалық бөлімнің аға инспекторы:
 
2012 жылы жемқорлық жайында хабарласқан азаматтарға сыйақы төлеу жөнінде Үкіметтің қаулысы шыққан болатын. Соған сәйкес   жемқорлыққа қатысты әкімшілік іс қозғалса - 30, ал, ауыр қылмыстық іс қозғалған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін хабарласқан азаматқа сыйақы беріледі. Мәлімдеуші   мемлекеттің қорғауында болады, аты-жөні құпия күйінде сақталады әрі сот процесіне қатыспауға құқығы бар.
 
   
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу