Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы парамен ұсталды
Атырау облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығын парамен ұстады.
Лауазымды полицей жалпы қамқорлығы және бекіре тұқымдас балықтарды аулау кезінде әрекет жасамауы үшін 250 мың теңге және 3 келі қара уылдырық алу кезінде қолға түсті.
Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, Исатай ауданы балықты заңсыз аулайтын браконьерлер көп шоғырланған аймақ.
Заңғар Заңқанов, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 2 бөлімімен, яғни, пара алу дерегіне сәйкес Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қылмыыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Д.Құдайберген өзі туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады
09.06.2026, 10:33
Алуа Нұрман Токиодағы халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді
09.06.2026, 10:32
Astana 2026 World Boccia Cup турнирі мәресіне жетті
09.06.2026, 10:31
Алматыда «Creative intensives» пилоттық жобасы басталды
09.06.2026, 10:30
Автокөлік бағасы арзандады
09.06.2026, 10:28
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 5,8 трлн теңге шешіп алған
09.06.2026, 10:27
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 10:18
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17