Қытайдан заңсыз тауар тасымалдағандар ұсталды
Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері ірі контрабандалық топты қолға түсірді. Олар Қазақстанға Қытайдан автокөлік бөлшектерін, киім-кешек және сантехникалық заттарды заңсыз тасымалдап келген.
Кедендік төлемдер мен салықтан жалтару үшін құжатта тауардың атауын, көлемін, құнын азайтып көрсеткен. Жалпы құны 1 миллиард теңге болатын тауарды Астанадағы бірнеше сауда нүктелеріне таратып та үлгеріпті.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстық істі 45 жастағы Ресей азаматының ұйымдастырғаны белгілі болды. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ерден Жұма, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бөлім бастығы:
Бұл азаматқа сот санкциясымен қамау түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылды.Одан басқа іс бойынша Қазақстан Республикасының екі азаматы және Ресей Федерациясының тағы бір азаматы күдікті ретінде танылды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Д.Құдайберген өзі туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады
09.06.2026, 10:33
Алуа Нұрман Токиодағы халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді
09.06.2026, 10:32
Astana 2026 World Boccia Cup турнирі мәресіне жетті
09.06.2026, 10:31
Алматыда «Creative intensives» пилоттық жобасы басталды
09.06.2026, 10:30
Автокөлік бағасы арзандады
09.06.2026, 10:28
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 5,8 трлн теңге шешіп алған
09.06.2026, 10:27
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 10:18
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17