Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын өткізу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан халқы АссамблеясыТөрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов хабарлады.
Оның айтуынша, 1-наурыздан бастап «Бейбітшілік пен келісім» Жол картасы аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Ассамблеяның соңғы сессиясында Президент жүктеген 7 тапсырма бойынша да қазір нақты шаралар кешені түзілген.
Оның ең бастысы - елдегі ұлтаралық келісімді сақтауда барлық этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғамның және саяси партиялардың жауапкершілігі.
Қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулық - бір құжатпен немесе бір күнде қабылданатын дүние емес. Сондықтан, бұл құндылықты сақтауда жұмыла жұмыс істеу керектігі айтылды.
Сессияда айтылған тағы бір тапсырма - 1-маусымға дейін Ассамблеяның жұмысын жүйелейтін мемлекеттік мекеме құру болатын. Бұл бағытта да жұмыстар қолға алына бастады.
Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-Хатшылық меңгерушісі:
7 министрлікпен тығыз байланыста жұмыс істеп отырмыз. Орталық бір мекеменің қажеттігі жөнінде Елбасы арнайы тапсырма берді. Бұл мәселе Үкіметте қаралды. Ұлттық жоспар қабылданып жатыр.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ