Алматыда жемқорлыққа қарсы мектеп ашылды
Алматыда І жалпыреспубликалық жемқорлыққа қарсы мектеп ашылды. Мұнда құқықтық сауаттылығын көтеремін деген барлық азаматтар тіркеліп, бір апта бойы білікті мамандардан сабақ алады.
Мектеп «Тұран» университеті, «Қазақстан темір жолы» компаниясы, «Нұр Отан» партиясы, «Сорос-Қазақстан» қоры сынды ұйымдардың қолдауымен ашылды.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 160-тан аса адамның үстінен пара беру, ал 400-ге жуық азаматтың үстінен пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мамандар болса пара беруші де, алушы да тең дәрежеде жауапкершілікке тартылуы керек , дегенді айтып отыр.
Мұндай мектептер Вильнюс, Берлин қалаларында бар. Қазақстанда алғаш ашылған мектепте сауат ашуға 87 адам тіркеліпті. Жеті күн ішінде тыңдаушыларға Ішкі істер министрлігі мен Қаржы полициясының мамандары экскурсия ұйымдастырады.
Ал, бір аптадан соң тіркелген азаматтарға арнайы сертификаттар беріледі.
Әмірхан Аманбаев, Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы:
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясына байланысты елімізде сыбайлас жемқорлықтың стратегиясы дайындалуда. Соның бір орындаушысы - Қаржы полициясы агенттігі. Сондықтан, бүгінгі айтылған ойлар, ұсыныстар қарастырылады.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18