Жер сатып байымақ болғандар тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер сатып байымақ болғандар тұтқындалды

22.04.2014
Жер сатып байымақ болғандар тұтқындалды
Тақыр жерден тиын жасап жүрген жемқорлар тұтқындалды. Олар Ақмола облысы Целиноград аудандық Әділет басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Долдин мен осы ауданның тұрғыны Қабдығалым Ахметов.
 
Бұл туралы Қаржы полициясы департаментінің бүгінгі брифингінде айтылды. Жеп үйренген екеу бірігіп, Астана іргесіндегі 379 гектарды құрайтын жер телімін жоқ қылған. Жалған құжат жасаған шенеунік өз ойын Ахметов арқылы іске асырып, ақшаны қалтасына басқан. Бұдан қазынаға 6,4 миллиард теңге шығын әкелді.
 
Долдин 4 жылдық жазасын шартты түрде өтесе, қақ-соқтан хабары жоқ қарапайым ауыл тұрғыны Ахметов түзеу колониясында отыр. Әділет басқармасының бұрынғы басшысына қатысты әділ шешім осы. Бұдан бөлек бүгінгі отырыста өткен үш ай қорытындыланды.
 
Шолпан Ташетова, Астана қаласы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз-хатшысы:
Ағымдағы жылдың 3 айы ішінде қалалық департамент аталған салада жемқорлық қылмыс фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Оның бесеуі сотқа тапсырылды. Қозғалған қылмыстық істер бойынша зиян сомасы 23 миллион теңгені құрады. Қолданылған іс-шаралардың негізінде мемлекеттік жер қорына 379 гектар жер аумағы қайтарылды.
 
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу