Астанада апатқа ұшыраған көліктердің легі сап түзеді
Бүгін Астана көшелерінде ерекше автокөліктер легі сап түзеді. «Біз, қауіпсіз жолды таңдаймыз» деген жазуы бар жалау ілген оннан астам спорттық көлік Жастар сарайынан Есілдің сол жағалауына дейінгі аралықты аралап шықты.
Шараның басты мақсаты – мас күйінде көлік жүргізудің зардабы қандай екенін жұртшылыққа ұғындыру. Өйткені, ішімдік ішіп, жол апатына ұшырайтындар саны әлі азаяр емес. Ақция барысында жол сақшылары көлік жүргізушілеріне сақтыққа үндейтін арнайы парақшалар таратты.
Бақытжан Алтыбаев, Астана қаласы ІІД Әкімшілік-полиция басқармасының аға инспекторы:
2013 жылы 583 жол апаты болып, осы мас күйінде көлік жүргізушілердің салдарынан 106 адам қаза тауып, 867 адам жапа шекті. Мас күйінде жүргізушілерді автокөлік рөліне отырғызбау мақсатында осындай шара өткізіп жатырмыз.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49