Каспий теңізінде балықты заңсыз аулағандар ұсталды
Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласы маңында Каспий теңізінің 25-ші шақырымынан браконьерлер қолға түсті. «Бекіре» операциясы барысында ұсталған теңіз қарақшыларынан 37 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Оның жалпы салмағы - 118 келі.
«Қызыл кітапқа» енген балықтың ірі мөлшерін олжалағысы келгендер 39 және 31 жастағы Аташ кентінің тұрғындары болып шықты. Браконьерлерден «Байдарка» қайығы, «Ямаха-75» моторы мен 100 метр ау айғақтық зат ретінде тәркіленіп алынды. Заңсыз балық аулаушылар мемлекетке қомақты шығын келтірген.
Марат Тәжен, Ақтау қалалық балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:
Мемлекетке келтірілген шығын- 983 мың 412 теңге. 100 метр ау да табылды. Қазір іс табиғат қорғау полициясына берілді.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 10:18
Иран мен Израиль атысты тоқтатуға келісті
09.06.2026, 10:17
Филиппин аралдарында зілзала салдарынан 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 10:15
Талдықорғанда 3 жасар қызын ұрып-соққан әкеге сот үкімі шықты
09.06.2026, 10:14
Ақтауда мүгедектігі бар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
09.06.2026, 10:12
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14