Қазақстан атқыштар батальонына - 21 жыл
Қазақстан атқыштар батальонына - 21 жыл. «Қазбаттың» 2 мыңнан аса сарбазы 1993-1999 жылдары тәжік-ауған шекарасында әскери қызметте болған еді. Олар есірткі саудасы тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің шекарасына кірмеуі үшін күресті.
Ақтөбеден 200 жауынгер аттанып, елге аман оралды. Қазір олардың 100-ге жуығы өңірдегі тәжік-ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігіне мүше. Олар қоғамдық шараларға белсене араласып, өскелең ұрпақты патриоттыққа баулып жүр. Қазақстан атқыштар батальонының 21 жылдығына мектеп оқушылары мен курсанттар жиналды. Ардагерлердің әңгімелерін тыңдап, ой түйді.
Қамбар Базарбайұлы, «Тәжік-Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшесі:
Біздің қолымызға қару ұстағандағы мақсатымыз - елімізге есірткінің кірмеуі. Қаншама жауынгерлеріміз құрбан болды. Сол жолды біз әрі қарай жалғап, елге оралғаннан кейін жастарды рухты, жігерлі, батыр болуға баулып жатырмыз.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49