Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты
Өскемендегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, бір адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Астана көшесінде орналасқан 5 қабатты үйде болған. Пәтер терезесінен шыққан түтінді сол маңайдан өтіп бара жатқан қала тұрғыны көріп, бірден 101-ге хабарласады.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 2 минутта жетіпті. Жалын өшірілген соң, пәтер ішінен үй иесінің мәйіті табылды. Көршілердің айтуынша, ол еш жерде жұмыс істемеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Марина Лискова, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы:
Тергеушілердің айтуынша, өрт төсекте жатып шылым шегуден шыққан Яғни, үйдің иесі қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Қала тұрғындарын абай болуға шақырамыз. Өз өмірлеріңізді қауіп-қатерге тікпеңіздер.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49