Мемлекеттік рәміздерді қорлаған күдікті ұсталды
Павлодар облысы, Ертіс ауданындағы мемлекеттік мекемелердің маңдайшасында тұрған төрт бірдей Ту бір түнде жоқ болды. Атап айтқанда, екі аурухана және балаларға арналған өнер мектебі мен Қазынашылық басқармасынының көк байрағын ұрлап кеткен.
Бұдан бөлек, Тәуелсіздігіміздің тұғыры мен ғұмырын айғақтайтын үш бірдей баннерді тас-талқан қылып кескілеген. Араға екі күн салып, күдікті қамауға алынды. Оның 29 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Бұрын сотталған. Өрескел қылығын «мастықпен жасадым», деп ақталды.
Баян Мағзұмова, ОІІД-нің баспасөз хатшысы:
Ғаниевқа қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлағаны үшін, бөтен мүлікті ұрлағаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10