Ақтөбедегі «Нұрдәулет» сауда орталығы кәсіпкерлерінің құқығы қорғалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі «Нұрдәулет» сауда орталығы кәсіпкерлерінің құқығы қорғалады

18.04.2014
Ақтөбедегі «Нұрдәулет» сауда орталығы кәсіпкерлерінің құқығы қорғалады
Ақтөбедегі сауда орталығының жабылмауын талап еткен 600-ге тарта кәсіпкердің құқығы қорғалды. Саудагерлердің наразылығын көрсетіп, олардың жанайқайы құзырлы орындарға жетуіне дәнекер болғанбыз.
 
Өрт қауіпсіздігі сақталмаған, деген сылтаумен нысанды уақытша жабу жөніндегі сот шешімі іске аспайтын болды. Яғни, Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының араласуымен бұл іс қайта қаралады.
 
Палата басшылығы құзырлы органдармен ынтымақтастық келісім жүргізіп, өзара мәмілеге келді. Автоматты өрт сөндіру аппаратын ғимарат жұмысын тоқтатпай орнатуға мүмкіндік берілді.
 
600-ге жуық сауда орны мен әлеуметтік нысандар орналасқан орталық жабылмайтын болды.
 
Мирлан Бисенғалиев, Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:
Анықталған құқықбұзушылық жайттардың көбі «Нұрдәулет» сауда орталығының қызметкерлерімен жойылғаны туралы дәлелдемелер ұсынылды. Баяндама негізінде құзырлы мемлекеттік органдар «Нұрдәулет» сауда орталығының қызметін тоқтатпау жөнінде шешім қабылданды.
 
 Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу