Полицейлер парамен ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында екі мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды. Курчатов қаласындағы уақытша оқшаулау абақтысының басшысы және қалалық полиция бөлімінің қызметкері бір азаматтан 80 мың теңге талап еткен.
Бұл адамның кәсіпкерлікпен айналысу үшін құжаттары талапқа сай емес екені анықталады. Заң бойынша полицейлер оның үстінен хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартуы тиіс еді.
Бірақ, олар жағдайды ақшамен шешуге болатынын айтып, кейін де ол кісіге қамқорлық көрсетуге уәде береді. Келісілген соманың жартысын алып жатқан кезде парақорлар қолға түсті.
Лейла Ысқақова, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Қазіргі уақытта, ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабы, 4-ші бөлігінің «а,б» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соттың санкциясымен олар қамауға алынды. Қылмыстық іс тергелу үстінде.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07