Шығыс Қазақстан облысында екі балықшы суға кетті
Шығыс Қазақстан облысында Бесқарағай ауданындағы Глуховқа ауылында екі балықшы із-түзсіз жоғалып кетті. Құтқарушылар олардың қайығын төңкерілген күйінде Ертіс өзенінен тауып алды.
Біраз уақыттан соң бір балықшының денесі судан табылды. Ал, екінші азамат әлі іздестіріліп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін құтқарушылар оқиға орнына 5 рет барып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, екі азамат балыққа түнде шыққан көрінеді.
Жалпы, былтыр Шығыс Қазақстан облысында 43 адам суға батып, қайтыс болған еді. Оның ішінде 8 адам балық аулауға шыққанда қайғылы жағдайға ұшыраған.
Анатолий Рожков, ШҚО ТЖД «Судан құтқару қызметі» ММ аға әдіскері:
Біздің пайымдауымызша, ер-азаматтар балық аулаған кезде ішімдік ішкен. Одан кейін абайсыз жағдайда қайық аударылып қалған. Балыққа түнде шығу аса қауіпті. Оның үстіне олар қолдан жасалған қайықты қолданған.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында 1 шақырымнан астам аумақ тазартылды
16.04.2026, 20:28
Сенек ауылында құм көшкінін тоқтату үшін 5 мыңға жуық сексеуіл мен жүзген егілді
16.04.2026, 20:26
Семейде жылу орталығының құрылысы басталды
16.04.2026, 20:24
Түркияда халықаралық парламент ассамблеясының 152-отырысы өтіп жатыр
16.04.2026, 20:22
«Әділет» партиясы тіркелу үшін Әділет министрлігіне құжат өткізді
16.04.2026, 20:21
Сыртқы істер министрлігі қажылыққа баратын Қазақстан азаматтарына ескерту жасады
16.04.2026, 20:20
Таяу Шығыстағы соңғы ахуал
16.04.2026, 20:17
Дүниежүзілік банк Қазақстанның экономикалық бастамаларын қолдауға дайын
16.04.2026, 20:17