Шымкентте жаяу жүргіншілер өтетін көпір құлады
Шымкентте Бадам өзенінің үстіндегі жаяу жүргінші өтетін көпір құлап қалды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өткел таң ата опырылып түскен. Нөсерлеп жауған жауыннан өзен суының деңгейі көтеріліп, тіреуіштерін құлатып жіберген.
Төтенше жағдайдан қалалық су арнасының құбырына зақым келді. Соның салдарынан Сәуле және Қазығұрт шағын аудандарының 5 мыңға тарта тұрғыны сусыз қалды. Әзірге жергілікті билік құбырлардағы ақауды уақытша жөндеп, халыққа су берген.
Алайда, көпірдің жуық арада жөнделетін түрі жоқ сияқты. Үлкендер жағы бастарын қатерге тіге отырып, апатты көпір арқылы амалдап, ары-бері қатынауда. Ал, арғы бетке қатынап оқитын жеткіншектер мектепке бірнеше шақырым жолды айналып баруға мәжбүр.
Диана Әбдірайымова, оқушы:
Осы көпірмен күнде өтетінбіз. Қазір өте алмай, көпір құлап қалып, автобуспен айналып жүрміз.Інім, сіңлім де бар.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс
09.09.2026, 10:18
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
09.09.2026, 10:06
Автонесиеге сұраныс төмендеді
09.09.2026, 10:05
Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
09.09.2026, 10:04
Қатерлі ісікті анықтауға ЖИ көмектеседі
09.09.2026, 10:03
Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
09.09.2026, 10:03
Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
09.09.2026, 10:02
Нью-Йоркте Huawei компаниясына қарсы сот процесі басталды
09.09.2026, 10:00