Атырау қаласында бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Таңғы сағат алтылар шамасында 22 жастағы азаматша көпірден секірмек болған.
Алайда, оның бұл әрекеті Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының бақылау камерасы арқылы белгілі болып, ол жерге дереу жедел топ келген. Уақытында жеткен сақшылар қала тұрғынын аман сақтап қалды. Кейін, азаматшаның мас күйде екендігі анықталды.
Гүлнәзира Мұхтарова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Тексеру кезінде 1991 жылы туған қала тұрғыны екені анықталып отыр. Қазіргі кезде бұл азаматшаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Осындай қадамға бару себептері сұрастырылуда.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ