Оңтүстік Қазақстан облысында бетпақдалаға 2000 дуадақ жіберілді
Оңтүстік Қазақстан облысында бетпақдалаға 2000 мыңға жуық дуадақ ұшырылды. Азайып бара жатқан дала құстары Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелінді.
Сондағы арнайы тұқымбақта өсірілген дала еркесі дуадақтың «Жиек» деген түрі екен. Бір қызығы, құстардың аяқтарына спутниктік радиотолқын жіберетін шағын сақиналар салынған.
Сол арқылы олардың қай бағытта ұшқаны, қай жерде тоқтағаны Әбу-Дабидегі арнайы орталықтан бақыланатын болады. Келіп түскен мәлімет бойынша құс жолының картасы жасалынады. Жаңа ортаға бейімделіп кеткендерінің саны анықталып отырады.
Ұзақ жылдар бойы жүргізілген тәжірибе Азия дуадақтарының басым бөлігі Қазақстанда өсіп, осында көбейетінін дәлелдеген.
Айта өтейік, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің бірлесіп, дуадақтарды көбейтуге, қорғауға бағытталған жобасы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді.
Мұхаммед Салих әл-Бандани, Халықаралық дуадақтарды қорғау қорының бас директоры:
Былтырғы жылдан бастап, біз құстарды ерте көктемде еркіндікке жібере бастадық. Жылдар бойы жүргізілген зерттеулер дәл осы уақыттың қолайлы екенін көрсетті. Осы кезеңде құстар жұмыртқа басады және балапандар тез жетіліп, ұшып кетеді. Біз алғаш рет Орталық Азия елдері аумағында осындай ірі көлемде құстарды еркіндікке жіберіп отырмыз. Нәтиже оңды боларына сенімдімін.
Айнұр АҚБАЕВА
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясын бастады
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03