Елімізде халық саны 1,5 пайызға өсті
Еліміздегі халық саны 1,5 пайызға өсіп, 17 миллион 207 мың адамды құрады. Оның 55 пайызы қалалықтар, 45 пайызы ауылдықтар. Бұл өткен жылдың 1 наурызымен салыстырғандағы көрсеткіш. Бұл туралы Статистика агенттігінің бүгінгі баспасөз мәслихатында белгілі болды.
Агенттік төрағасының айтуынша, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі нәресте өлімі 9,7 пайызға азайған. Ал жалпы қайтыс болғандар саны 8,8 пайызға кеміпті. Бұдан бөлек бүгінгі баспасөз мәслихатында құрылғанына бес жыл болған Кедендік одақтың көрсеткіштері сөз болды.
Әлихан Смайылов, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы:
Бес жылдың ішінде Кеден одағындағы ең маңызды нәтиже - өзара тауар айналымының 88 пайызға өсуі. Бес жылдың ішінде Қазақстанның Кеден одағына экспорты 63 пайызға өсті. Оның ішінде шикізат экспорты 35 пайызға, шикізат емес, яғни өңделген тауарлардың экспорты 2 есеге өсті. Импорт бес жылдың ішінде 98 пайызға өсті.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10