Алматыда Орталық коммуникациялар бөлімшесі жұмысын бастады
Бүгін Алматыда Орталық коммуникациялар қызметінің бөлімшесі ашылды. Алғашқы жиын Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына арналды. Оған мегаполистегі этномәдени бірлестік өкілдері қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Бір ғана Алматының өзінде 120-дан астам этнос өкілдері тұрады. 34 этномәдени бірлестік бар. Ал, 22 адам Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Барлығы да қазір 21-сессияға дайындалып жатыр. Елдің ынтымағын жарастырып отырған ұйымның бүгінде мемлекеттің қоғамдық, саяси өмірінде алатын орны зор.
Еліміздің дамуына лайықты үлес қосып, күннен-күнге қанатын кеңге жайып келе жатқан ұйымның алдында тұрған міндеттер әлі де көп. Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі мен мұқтаж жандарға қаржылай көмектесу мәселесі бірінші кезекте тұр.
Басқосуда сөз алған түрік диаспорасының өкілі «Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық қатынас моделінің әлемде баламасы жоқ», - деп атап өтті. Ал, Орталық коммуникациялар қызметінің бөлімшесі енді ай сайын баспасөз мәслихатын өткізіп тұратыны мәлімделді.
Қазақбай Таштемірұлы, Түрік этномәдени бірлестігі басшының орынбасары:
Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде ұлт пен ұлыстардың, этностардың кез келген халықпен терезесі тең, керегесі кең екендігін көрсетіп отыр.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09