Қызылордада уланған сарбаздардың саны 50-ден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада уланған сарбаздардың саны 50-ден асты

15.04.2014
Қызылордада уланған сарбаздардың саны 50-ден асты
Қызылордадағы 55/47 ішкі әскер бөлімінде уланған сарбаздардың саны 51-ге жетті. Қазір олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдауда.
 
Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің он үшінде аталмыш бөлімде азаматтық борышын өтеп жүрген 36 жігіт ауыр халде ауруханаға жатқызылған болатын. Кеше олардың саны 47 болса, бүгін тағы төрт азамат жедел ішек инфекциясы диагнозымен емдеу орнына жіберілді.
 
Қазір әскери бөлімдегі медициналық бекетте инфекционист-дәрігер жұмыс істеуде. Ол бөлімде қалған сарбаздарды тексеріп, ауру белгілері анықталғандарды бақылауға алды.
 
Күміскүл Сматуллаева, инфекционист-дәрігер:
Бүгін таңда төрт науқасты ауруханаға жолдадым. Қалғандары осы жерде. Орта дәрежелі ауырлықта, жеңіл түрде өтіп жатқан ауру. Сондықтан да бұл жерде қазір толық ем қабылдап жатыр.

Хабарламаларға жазылу