Жеңістің 70 жылдығына дайындық шаралары басталды
Жеңістің 70 жылдығы барысында өтетін шараларға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қаражат бөледі. Аталған ұйым мен республикалық ардагерлер ұйымы өкілдері келісімге қол қойды.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын ТМД елдерінің басшылары 2015-жылды «Ардагерлер жылы» деп атап, соғыстың 70 жылдығын жоғары деңгейде атап өту туралы шешімге келген болатын.
Соған байланысты дайындық шаралары басталып кетті. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында елімізде көркем өнерпаздар байқауы, түрлі жиындар ұйымдастырылады. Және соғыс ардагерлерінің өмірі жайлы жинақ шығады. Тағы бір жаңалық - биылдан бастап ардагерлердің қолына «қоңыраулы білезік» тағылады.
Өмірзақ Озғанбаев, Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы:
Көмекшісі болмаса, ол инсульт алған жағдайда телефонға жете алмайды ғой. Сол себептен оның қолына дабыл белгісі болады. Сол құрылғының түймесін басқан кезде, орталық диспетчер бөлімінде сол адам туралы барлық мағлұмат тұрады. Ол кім, қандай науқаспен ауырады. Мекенжайы да компьютерде шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10