Әскери борышын өтеген сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті
Бүгін әскери мерзімі аяқталған Ақмола облысындағы 44/813 әскери бөлімінің сарбаздары ауылдарына аттанды.
Олар бір жыл бойы күрделі әскери техникалардың қыр-сырын меңгеріп, жұрттың тыныштығын көз ілмей күзетті. Қатал тәртіп пен қатаң талап жігіттерді ширатып, шымыр әрі ширақ қимылға үйретті. «Есесіне, Отан деген ұлы ұғымның байыбына барып, қадірін түсіндік», дейді сарбаздар.
Әли санаулы сағаттардан соң ауылына қайтады. Жүрегі алып-ұшып тұрғанымен, бір жылын бірге өткізген достарын қимайды. Казарманың қызығы өз алдына бір бөлек. Әскери өмірдің кейбір қимас сәттері - осы альбомда. Әли оны інілеріме үлгі етіп көрсетемін, дейді.
Әли Хамидолла, қатардағы жауынгер:
Әскер маған Отанды сүюді үйретті. Ата-ананың, ел-жұрттың қадірін ұғындым.
Бүгін 44/813 әскери бөлімінің басшылары Әли сияқты 35 сарбазды үйлеріне салтанатпен шығарып салды. Ақмолаға олар Батыс Қазақстан облысынан келген. Бәрінің жоғары және орта арнаулы білімдері бар.
Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарғандары үшін Ту көтеріліп, Әнұран орындалды. Ерекше көзге түскендері Алғыс хатпен марапатталды. 35 жігіттің бәріне де үлкенді-кішілі әскери шен берілді.
Бақытбек Камзинов, 44/813 әскери бөлімінің командирі:
Біз жыл сайын сарбаздарды салыстырамыз. Бұлардың техникалық, гуманитарлық және әскери деңгейлері жоғары. Осы сарбаздардың 12-і биыл өздерінің әскери қызметтерін келісімшартпен жалғастырмақ ойда.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07