Қызылордада 36 сарбаз уланып қалды
Қызылордадағы 55/47 ішкі әскер бөлімінде оқыс оқиға болды. Әскери борышын өтеп жүрген 36 сарбаз уланып, ауыр жағдайда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Дене қызуының көтерілуі, бас айналу, жүрек айну, әлсіздік белгілері бар азаматтардың алғашқы легі емдеу орнына кеше таңғы 10-дар шамасында келген.
Түнге дейін олардың саны 32-ге жетті. Ал, бүгін таңертең тағы төрт сарбаз аурухана төсегіне таңылды. Қазір әскери бөлімде тиісті сынамалар алынып, ауру қоздырғышы анықталуда.
Ал, науқастардың айтуынша, дерттің себебі - ауызсуда. Өйткені, сәуірдің 7-і мен 10-ы аралығында әскери бөлімде су жүйелі берілмеген. Кейін судан жағымсыз иіс сезілген. Соны ішкеннен кейін жігіттердің жағдайлары нашарлаған. Мұны әскери бөлім басшылығы да растады.
Евгений Пак, 55/47 ішкі әскер бөлімі командирінің орынбасары:
7,8 және 10-сәуір аралығында су болмады. Осыған байланысты медициналық қызмет басшысы суды жинап, 8-сәуір күні облыстық Ішкі істер департаментінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне судың он сынамасын тапсырдық. Бүгін нәтижесі дайын болды, ресми хаттаманы алдық. Соған сәйкес, он сынаманың тоғызынан бактерия анықталды. Яғни, инфекцияның көзі - суда.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа заң: Келесі жылы банктерге қандай талап қойылады?
21.12.2025, 20:17
Асанәлі Әшімов – қазақ киносының аңызы
21.12.2025, 20:05
Қазақстан-Жапония: Былтыр тауар айналымы 2 млрд доллардан асты
21.12.2025, 19:54
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44