Шығысқазақстандықтар Көкпектіге көмек жеткізді
Қарағанды облысында тасқын судан зардап шеккен Көкпекті ауылына Шығыс Қазақстан облысынан гуманитарлық көмегі жеткізілді. Қайырымдылық шарасына 8 аудан асаржасап, жалпы сомасы 15 миллион теңгенің тауарын жинаған.
Атап айтқанда, 20 тонна құрылыс материалдары, 25 текше метр тақтай, 40 тонна азық-түлік жеткізілді.
Бұдан басқа 2,5 миллион теңгенің төсек-орын жабдықтары мен киім-кешек те бар. Облыстың алыстығына қарамастан, шығысқазақстандықтар 300 бас ұсақ мал жіберіпті.
Қазіргі уақытта осы облыстағы «Парыз» қорына өңірдің кәсіпкерлері ақша жинап жатыр. Бұл қаражатты да алдағы уақытта Қарағанды облысында құрылған қорға аудармақшы.
Дүйсенғазы Мусин, Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының әкімі:
Бір елміз, мақсатымыз, тағдырымыз бір. Бір елдің азаматтары болғандықтан, шығысқазақстандықтар ақылдасып, жиналып, бір топ болып келдік.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49