Шымкентте соғыс ардагерінің үйін тонағандар ұсталды
Шымкентте соғыс ардагерінің үйін тонағандар ұсталды. Олар көпқабатты үйдегі пәтердің есігін бұзып кіріп, бағалы бұйымдарды ұрлаған. Қолды болған заттардың ішінде майдангердің медальдары да бар.
Күдіктілер олжалаған заттарды қаланың әр жерінде арзан бағамен сатқан. Сөйтіп, табыстарын өзара бөліске салыпты.
Қазір осы қылмыстарды жасады, деген күдікпен 1990 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны қолға түсті. Тергеу кезінде ол өзінің екі сыбайласымен бірге 7 пәтер тонағанын мойындады. Келтірілген шығын көлемі 5,5 миллион теңгеден асады. Полицейлер оның сыбайластарын іздестіруде.
Болат Арыстанов, Еңбекші аудандық ІІБ аға тергеушісі
Қазіргі таңда қолға түскен Р. есімді азаматқа қатысты 7 факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы 7 іске қатысы бар екені анықталды.
Сәттар ЕСЕНБЕКОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49