Маңғыстау облысындағы 8 полигонда 117 мың тонна тұрмыстық қалдық жатыр
Маңғыстау облысында тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі өзекті болып тұр. Өңірдің барлық аудандарында осыған қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Бірде-бір ауданда қалдықтарды жинау нормалары мен оны қайта өңдеу бағдарламасы әлі жасақталмаған.
Облыста қоқыс төгетін 8 полигон бар. Онда 117 мың тонна тұрмыстық қалдық жатыр. Бұл орындар техникалық әрі санитарлық талаптарға сай емес. Аудандарда заңсыз қоқыс төгу деректері көптеп тіркелген.
«Мәселен, Жетібай ауылында халық қалдықтарды ауыл ортасына көміп жатыр», дейді прокурорлар.
Ерболат Сапарбеков, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:
Қоқыстар жерге көміліп жатыр. Ол экологияға, халықтың денсаулығына зиян келтіруде. Қазір аймақтарда санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде, бірақ, қажетті деңгейде болмай жатыр.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07