Алматы облысында экономикалық қылмыс өршіп тұр
Алматы облысында экономикалық қылмыс өршіп тұр. Жыл басынан бері облыстық Қаржы полициясының қызметкерлері 172 қылмыстық іс қозғаған. Оның 93-і - экономикалық қылмыс. Сыбайластық жемқорлық бойынша жауапкершілікке 37 адам тартылды.
Биыл 27 наурызда 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара бермек болғандардың жолы кесілді. Алматы облыстық Кедендік бақылау департаментінің «Алатау» кедендік тексеру орталығының екі қызметкері Қаржы полициясы өкілдеріне қомақты қаржыны тергеуалды тексеруде оң шешім қабылдау үшін ұсынған.
Ғалымжан Қошқарбаев, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:
Күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 112-бабы, 5-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен екеуі қамауға алынды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29