Атырауда еріктілер корпусы жасақталды
Атырауда облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен алғаш рет еріктілер корпусы құрылды. Мақсат - республикалық, халықаралық дәрежедегі түрлі шараларға еріктілерді дайындау.
Қазірдің өзінде корпустың қатарына 50-ден астам студент кірді. Оларға білікті мамандар қаланың тарихы, мәдениеті, мұражайдағы жәдігерлер туралы ақпарат беруде.
Семинар күзге дейін жалғасады. Себебі, дайындықтан өткен 150 ерікті биыл күзде Атырауда өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық форумды өткізуге тартылады.
Осылайша, үлкен шараларға қатысып, еріктілер корпусы өз жұмысын жүйелендірген соң елімізде өтетін EXPO-2017 көрмесіне әзірленеді.
Мейірім Қалауи, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
Жастарды біз оқу орындары, әлеуметтік желілер арқылы жинақтап жатырмыз. Олардың тегін, ерікті қызмет көрсетуге қызығушылықтары жоғары. Бұл жастардың патриоттық сезімінің, жауапкершіліктерінің жоғары екендігін көрсетеді.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04