Атбасарда 400-дей үйді су алып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атбасарда 400-дей үйді су алып кетті

12.04.2014
Атбасарда 400-дей үйді су алып кетті
Ақмола облысындағы Атбасар қаласында 400-дей үйді су алып кетті. Сол себепті 450-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді. Суға тосқауыл қою үшін барынша күш жұмылдырылуда. Астанадан оқиға орнына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев та ұшып шықты.
 
Ерболат Төлегенұлы, тілші:
Су астында қалған үйлерде үш күннен бері құтқару қызметі жұмыс істеуде. Айта кетсек, Төтенше жағдай министрлігінен 264 адам, 55 техника, 12 қайық және 1 су тартатын станция жұмылдырылды. Соңғы мәлімет бойынша, тұрғындардың мазасын қашырған Жабай өзенінің деңгейі 2 метре дейін төмендеді. Алайда, қауіп толық сейілген жоқ. Бүгін Атбасарға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ұшып келді. Дәл қазір Бақытжан Сағынтаев зардап шеккен адамдармен кездесіп, зақым келген үйлер мен көшелерді аралауда. Үкіметтің бұл жағдайға байланысты қандай шара қолданатынын кешкі жаңалықтардан біле боласыздар.

Хабарламаларға жазылу