Алматылықтар сенбілікке шықты
Бүгін алматылықтар сенбілікке шықты. Күн жылынып, көктем келісімен қала көшелерін тазартып, көшет отырғызуға мегаполистен жылда 100 мыңнан аса адам шығатын. Игі іске биыл да қала әкімінен бастап, танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, спортшылар, студенттер мен оқушылардан құралған 130 мыңдай адам атсалысты.
Сенбілікте 5000-ға жуық ағаш егілді. Бір ғана Абай даңғылының өзіне 320 тал, 900 бұта егілді. Ал, қоқыстарды шығаруға 800-ге тарта коммуналдық қызметтің арнайы техникасы жұмылдырылды.
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:
Бұдан да үлкен мақсат – тұрғындарды, әсіресе, жастарды өзіміз тұратын ортаға, табиғатқа, қала тазалығына деген көңіл аударту. Сол үшін де бүгінгі сенбіліктің тәрбиелік мәні бар деп ойлаймын.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49