Қарағандыда Курск шайқасының куәгері тұрады
ІІ Дүниежүзілік соғыстағы біздің әскердің Курск шайқасында жеңіске жетуінің маңызы ерекше. Соның негізінде Украина, Беларусь елдерін фашистерден азат етуге мүмкіндік туды.
«Тарихта таңбаланған айтулы ұрыстың кесапатын адам айтып болмайды», дейді қарағандылық ардагер Бүркіт Есжанов.
Бүркіт Есжанов әскер қатарына алынғанда небәрі 18 жаста еді. Алдымен Ленинградтағы авиациялық, содан кейін Омбыдағы жаяу әскер училищелерін бітіріп, 5-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында алдыңғы шепке жіберілген.
1943 жылы болған Курск шайқасының куәгері. Майдандас достарымен бірге бораған оқтың астында, тобықтан қан кешіп жүріп жеткен жеңіске биыл 70 жыл толды. Мерейтойға орай ақсақалға Ресейден арнайы медаль да беріліпті.
Бүркіт Есжанов, соғыс ардагері:
Сол Курскіден кейін немістердің шебі терістіктегі теңізден бастап, Қара теңізге дейін шегіне бастады.
Курск шайқасында жүріп сол қолынан алған жарақаты жазылған соң қазақ сарбазы әуе күштерінің санитарлық қызметіне жіберілген. Моңғолияда жапондарға қарсы дайындалған кеңес күштерінің сапында Қытайды азат етуге қатысқан.
Елге тек 1948 жылы оралыпты. Біраз уақыт өндіріс, партия және ауыл шаруашылығы жұмыстарына араласып, 1985 жылы зейнетке шыққан. Өмірдің ақ-қарасын айыра білетін абыз шағында да бала күнгі ғана емес, соғыстағы ермегі - шахмат ойнауды тастаған емес. Қарулас достарының кейбірімен де жақын араласуына осы шахмат себепші болған.
Бүркіт Есжанов, соғыс ардагері:
Осылай ойнап отырғанда командирдің саяси бөлім бойынша орынбасары подполковник Козлов қарап тұрыпты. Әлгі Козловты екі рет ұтқаным бар-тын. Подполковник мені іздеп жүріп ойнайтын болды. Сөйтіп, екеуміз достасып кеттік.
Бүркіт ақсақалдың өмірлік серігі Күмісжан әжемізбен отасқанына 64 жыл толыпты. Алтын құрсақты анамыз сегіз баланы дүниеге әкелген. 6 ұл, 2 қыздың ортасынан суырылып шығып, ел мақтанышына айналған «Астана арландары» командасының бапкері Бейбіт Есжановты білмейтін қазақ жоқ, бүгінде.
Өмірдің небір қиын кезінде қабақ шытып, қатты сөз айтысып көрмедік, -дейді ерлі-зайыптылар.
Күмісжан Есжанова, Батыр ана:
Отасқанымызға 64 жыл. Барлығын қас-қабағынан біліп отырамын.
Бүгінде Бүркіт ақсақал мен Күмісжан әжейдің 8 баладан тараған 20-дан астам немересі, 10-нан аса шөбересі бар. Енді солардың тәрбиесімен айналысып, бір-бір ел азаматы болуына тілеу айтып жүреміз, дейді қарттар.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07