Семейде «Біздің күшіміз - бірлікте!» фестивалі өтті
«Біздің күшіміз-бірлікте!». Осындай атпен Семейде кембағал жандардың шығармашылық фестивалі өтті. Онда 100-ге жуық өнерпаз түрлі жанр бойынша өз өнерін көпшілікке паш етті.
Қиындықты еңсеріп сахнаға шыққан осы санаттағы азаматтардың әрқайсысының бұл қадамы - жеңіске пара-пар. Қарым-қабілеттерін байқата білген олар шын мәнінде мүмкіндіктерінің шексіз екендігін көрсетті.
Екі сағатқа созылған шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Мұндай шығармашылық байқау Семейде соңғы 3-4 жыл көлемінде үзбей өткізіліп келеді
Алина Қасымбетова, фестивальға қатысушы:
Мұндай сайыстардан қалмаймын. Біз үшін бұл шараның маңызы зор. Өз қабілетіңді көрсетесің. Өзгелерге үлгі болып, бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге ұмтыласың.
Кенжебек Байғожинов, мүгедек жандарға арналған клуб директоры:
Фестивальдің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығы арқылы, өнер арқылы қоғамның көзқарасын өзгерту. Елбасы да Қазақстан мүгедек адамдар үшін еш бөгетсіз ортаға айналуы тиіс екендігін айтты. Сондықтан, бұл мәселеге әркімнің үлесі болуы тиіс.
Ержан ЖАҚЫП
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49