Атбасарда 300-ден астам үйді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атбасарда 300-ден астам үйді су басты

11.04.2014
Атбасарда 300-ден астам үйді су басты
Ақмола облысы Атбасар қаласы жанындағы Жабай өзенінен аққан су тоғыз көшесін басып, суда қалған үйдің саны 300-ден асты. 1 мектеп суда қалды. Сондай-ақ, еліміздің орталық және солтүстік облыстарында судан қауіп бар.
 
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілді. Аса қиын жағдай Ақмола облысы Атбасар ауданында қалыптасқан.
 
Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар 256 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Мамандар СҚО-дағы жағдайға да алаңдаулы. «Болжам көңіл көншітпейді», - деді вице-министр.
 
Солтүстік Қазақстан облысына төтенше жағдайлар мамандарын жіберу бойынша қосымша шаралар қолға алынды. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық жүйесі тәулік бойы дайындық режиміне ауыстырылып, 5 мыңға жуық құтқарушы жұмыс істеуде.
 
Валерий Петров, ҚР ТЖМ вице-министрі:
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында жағдай бірқалыпты. Ақтөбе облысының солтүстігінде біраз қар бар, бірақ, біз қадағалап отырмыз. Шығыс Қазақстан облысында тек таулы жерлерде ғана қар қалған. Оңтүстік жағы түгелдей қардан арылды. Сондықтан да алаңдамауға негіз бар. Ал, Атбасардағы төтенше жағдай біреудің кінәсінан болған жоқ. Апат айтып келмейді. Қолымыздан келгенше барлығын жасадық. 
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу