Степногорда алаяқтар зейнеткердің 1,5 миллион теңгесін алып кеткен
Ақмола облысына қарасты Степногор қаласында алаяқтардың алдауына түскен 84 жастағы қария оларға қолындағы 1,5 миллион теңгесін санап берген.
Белгілі болғандай, тыл ардагерін тақырға отырғызып кеткен жастар өздерін әлеуметтік қызметкерміз, деп таныстырған. Есікті қағып, үйге енген екі жас пәтерді аралап көріп шығады. Ақшаңызды бір күнде айырбастап әкеліп береміз, деп бар жиған-тергенін алып, сан соқтырып кеткен.
Олар тіпті, байқатпай телефонды да ағытқан. Көп ұзамай тәртіп сақшылары бұл іске қатысы бар деген күдікпен Степногор қаласына Алматы облысынан келген 24-25 жастағы жігіт пен қызды Ақкөл қаласында қолға түсірді. Олар кінәларын толық мойындады. Қазір Қылмыстық Кодекстің 177-бабы бойынша іс қозғалып, уақытша қамауға алынды.
Анастасия Вотракшина, зейнеткер:
Жас жігіт менен ақшаны ауыстырдыңыз ба, деп сұрады. Мен оған ауыстырған жоқпын, дедім. Ол неге ауыстырмайсыз, ертең сіздің ақшаңыз жарамсыз болып қалады, деді. Теледидардан, барлық жерде айтып жатыр, қалай естімедіңіз, деп сендірді. Мен ол туралы хабарсыз екендігімді айттым.Онда ақшаңызды беріңіз, бір күннің ішінде долларға ауыстырып алып келемін деп, сол күйі оралмай кетті.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07