Ресей мен Беларусь елінен әкелінетін құс етін сатуға тыйым салынды
Қазақстан Ресей мен Беларусь елінен әкелінетін құс етін сатуға тыйым салды. Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған өнімдер санитарлық талапқа сай емес. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандарының мәліметінше, екі елден келетін құс етінде ылғалдылық бекітілген нормадан үш есе артық.
Сондай-ақ, құс оралған орамдағы жапсырмада мемлекеттік тілде жазылған бір ауыз сөз жоқ.
Ал, кейбір еттерде патогендік, яғни жұқпалы аурулардың қоздырғышы анықталған. Қазір Ресей мен Беларусь елдерінде бұл өнімдерді Қазақстанға жібермеу туралы ескерту жасалып, жағдайға байланысты жауап берулері талап етілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07