Техникалық реттеу саласына кадр даярлау мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техникалық реттеу саласына кадр даярлау мәселесі қаралды

11.04.2014
Техникалық реттеу саласына кадр даярлау мәселесі қаралды
Техникалық реттеу жүйесі елімізде кенжелеп тұр. Өйткені, метрология саласын оқыту бірізге қойылмаған. Бұл жөнінде бүгін Техникалық реттеу және метрология комитетінде өткен дөңгелек үстелде айтылды.
 
Қазір елімізде техникалық зерттеу саласы бойынша 46 жоғары оқу орнында білім беріледі. Бірақ, грант жоқтың қасы. Сондай-ақ, осы күнге дейін мамандардың біліктілігін жетілдіру үшін жұмыс атқарылмаған.
 
Енді Метрология комитетінің ЖОО-мен жасасқан келісімі аясында студенттер тәжірибе жинауға мүмкіндік алды.
 
Кеден одағы шеңберінде бұл сала енді жанданып келеді. Метрология саласының өркендеуіне үш ел күш салады. Өйткені, аталған елдер арасында кез келген салада байланыс бар.
 
Ғалымжан ДұғаловТехникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:
Мамандардың саны емес, сапасы жоғары деңгейде болуы керек. Бізде Кеден ұйымында метрология саласы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс сапасы өте жоғары болуы керек.
 
Сәкен СеЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу