Өскелең ұрпаққа ақылшы ақсақал
ІІ Дүниежүзілік соғыста қазақ жауынгерлері теңізде де, мұхитта да ұрыс жүргізді. Сол бір сұрапылға қатысқан қазақ теңізшілерінің бірі бүгінде Алматы облысында тұрады. Севастополь, Одесса, Брянск қалаларын азат етуге қатысқан Берлібек Ысқақов Жапон соғысын да басынан өткерді.
Берлібек ақсақалдың 90-ға келгенін тек төлқұжаты растайды. Қария осы жасында да қол қусырып отырған жоқ. Соғыс ардагері бұл сергектік еңбекпен келгенін айтады. Жас кезінде спортпен шұғылданған ол әлі күнге дейін шымырлығын жоғалтпаған.
Берлібек Ысқақов, соғыс ардагері:
Білім болсын, жұмыс болсын бәріне еңбектену керек. Тер төгу керек. Ал, жалқаулықтан ештеңе шықпайды. Жалқау болмау керек. Отаныңды сүю керек.
Ардагер қарт майданда болған әрбір сәтін жатқа біледі. Бірақ, ақсақал соғыстан көрі бүгінгі бейбіт өмірді әңгімелегенді ұнатады. Елдегі саясатты, мемлекеттің дамуын газет беттері мен теледидардан үнемі бақылап, біліп отырады.
Берлібек Ысқақов, соғыс ардагері:
Осындай мемлекетті Нұрсұлтан Әбішұлы ұйымдастыра білді. Дүниежүзіндегі 300 мемлекеттің бәріне танысты. Ал қазақты кім білуші еді бұрын. Кім білді?
Қария соғыстан кейін ауылда ұсталық етті, мал бақты. Үйленді, үбірлі-шүбірлі болды. 8 баласынан немере де, шөбере де сүйіп отыр. Еркек кіндікті шөбере туса атадан мұра, деп қамшы өреді екен.
Сырым Құрмаш, шөбересі:
Мынау - менің қамшым. Мынау - Саянның қамшысы. Мынау - Сұңғаттың қамшысы. Ал мынау - Жәнібектің қамшысы. Осының бәрін бізге үлкен атамыз жасап берген.
90-ға келген Берлібек ақсақал әнді де салады. Ақындығы да бар. Аға буынға ақылшы ал, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрген ардагер жеңістің 70 жылдығын көруді армандауда.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14