Ақтөбелік өнертапқыш қос қабатты киіз үй үлгісін жасады
Ақтөбелік Аманбек Сыдықов ЕХРО-2017 көрмесіне өз туындысын ұсынбақшы. Ол қос қабатты киіз үй жасаған. 12 қанат ақ ордада 3 жатын бөлме, жуынып, тынығатын бөлмелер және жоғары қабатта үлкен қонақ бөлме болады.
Әр бөлме қазақтың салт-дәстүрін көрсететін ұлттық нақышта безендіріледі. Шаңырағы да ерекше. Күннен қуат алатын қондырғы орнатылады.
Аманбек заманауи киіз үйін патенттеп алған соң, ЕХРО-2017 көрмесіне ұсынады. Одан соң туған елі Ырғыз өңірінде осы киіз үйді салып, ішкі туризмді дамытуды жоспарлап отыр. Аманбектің жобасында қазақтың барлық ырым-тиымдары ескерілген.
Аманбек Сыдықов, өнертапқыш:
7 бөлмелі және іргетасы 70 сантиметр. Бөлме терезелері де жетіден келеді. Биіктігі - 7 метр. Жеті қасиетті сан болғасын бәрін жетіден шығардым. Уықтары - 70. Бұл кез келген материалдан салынады. Экотоннан, саман кірпіштен, қамыстан да үй салуға болады.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49