Қостанай облысында жергілікті мәслихаттардың сайлауы өтті. Өзге аймаққа қоныс аударған және мемлекеттік қызметке ауысқан 10 депутаттың орнына, 22 кандитат тіркелді.
Сайлауда жеңіске жеткендердің алтауы - аудандық, біреуі - қалалық және үшеуі - облыстық мәслихат депутатының мандатына ие болады. Осы науқанды өткізу үшін облыста 9 аумақтық, 10 округтік, 141 учаскелік сайлау комиссиялары жасақталды.
Сайлауға түскен 22 кандидаттың 12-сі «Нұр Отан» партиясының мүшелері, 10-ны өзін-өзі ұсыныушылар. 19 үміткердің білімі жоғары. Комиссия мүшелері мен сайлаушылар саяси науқанның барлық Заң талаптарына сай өткенін айтты.
Антонина Маркова, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы:
Сайлаудың барлық дайындық іс-шаралары Заң талаптарын қатаң сақтай отырып, күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілді. Дауыс беру кезінде ешқандай ескертулер мен заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Дәуренбек ӘБДІБЕК